Бұрқасын, көктайғақ және жел: 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бұрқасын, көктайғақ және жел: 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бұрқасын, көктайғақ және жел: 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
50250
Синоптиктер 17 сәуірде күн райы нашарлауына байланысты 13 аймақта ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. 17 сәуірде Астанада түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады. Күші 15-20м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Абай облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20м/с жетеді. Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары