50326
Қарағанды облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Қарағанды облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

15 сәуір сағат 17:30 шамасында Қарағанды-Саран тас жолында, Ақтас кентінен 2 шақырым жерде ВАЗ-2115 және Hyundai Elantra автокөліктерінің қатысуымен ЖКО болды деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.