Қарлы боран: Астанадан шығатын тасжолдар жабылды

Қарлы боран: Астанадан шығатын тасжолдар жабылды

Қарлы боран: Астанадан шығатын тасжолдар жабылды
ашық дереккөзі
50461
Төтенше жағдайлар департаменті күн райына байланысты елордадан шығатын тасжолдардың жабылғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қарлы боран) бүгін сағат 10:00-ден бастап көлік құралдарының барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар автожолдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды: «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы (Астанадан – Анар стансасына дейін), «Астана-Қорғалжың» автожолының 19-124 шақырымы (Астана-Қорғалжың), «Астана-Қабанбай Батыра-Киевка-Нұра-Теміртау» автожолы 16-51 шақырымы (Қосшы-Қарағанды облысы)», - делінген ТЖД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары