Turkystan.kz пен Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігі меморандум жасасты

Turkystan.kz пен Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігі меморандум жасасты

Turkystan.kz пен Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігі меморандум жасасты
ашық дереккөзі

«Turkystan.kz» ақпарат порталы мен Өзбекстанның «УзА» ұлттық ақпарат агенттігі ынтымақтастық орнату мақсатында меморандумға қол қойды.  Меморандум екі ел арасында елеулі оқиғаларды жариялап, ақпарат алмасуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, бұқаралық ақпарат құралдары саласында достық қарым-қатынас орнатуға, өзге де бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негізделген. Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі 9 тілде ақпарат таратады. Соның ішінде қазақ тілі де бар. Порталда өзбек тілінен бөлек, ағылшын, француз, неміс, испан, араб, қытай, орыс, қарақалпақ тілінде де ақпарат алуға барлық мүмкіндік жасалған. Алдағы уақытта екіжақты келісім аясында жүйелі жоспар құрылып, әр бағыт бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі. Айта кетейік, Turkystan.kz сайтында «Түгел түркі» айдарымен туысқан түркі халықтарының жаңалықтары, түркітектес халықтардың тарихы, мәдениеті, тілі, дүниетанымы және біздің ұлтпен байланысы жайлы ақпараттық, танымдық материалдар тұрақты түрде жарияланады.