 Жалпы, мемлекеттің, халықтың тұрмыс жағдайын бағалаудың түрлі критерийі бар әрине, бірақ мәдениеті мен өркениеті дамыған елдерде оны суретшілердің жағдайына қарап бағалайды, яғни суретшілер қоғамда танымал, жағдайы жақсы болса, олар жасаған өнер туындылары қымбат бағаланатын болса, сол елдің де тұрмысы жақсы деген сөз. Ал бізде қалай?
Құдайға шүкір, қазақта мықты суретшілер көп, оның арасында бейнелеу өнерінде өз бағыты бар, әлемге танымалдары да аз емес. Ал солардың тұрмысы, қазіргі жағдайда қандай? Жұрт шетелдегі суретшілер туралы естіп, біліп, олардың туындыларының қымбатқа сатылып жатқанына қарап, біздің де суретшілер сондай деп ойлайтын шығар. Бірақ шынайы жағдай мүлде басқа.
Қай нәрсені де салыстыру арқылы түсінеміз ғой, сондықтан бүгінгі жай-күйімізді тәуелсіздіктен бұрынғы кезеңдегі жағдаймен салыстырсақ, қазақ суретшілері әлеуметтік жағынан мүлде қорғаусыз қалды деуге болады. Бұрынғы уақытта, әрбір аудан орталығында, әр мекемеде суретші болатын (художник-оформитель), театрларда сахна суретшісі болатын, тіпті әр қаланың бас суретшісі деген лауазым да болатын. Сондай-ақ кітап баспаларында кітап безендіруші суретшілері штатпен жұмыс істеді. Қазір ауылда да, қалада да суретші маман орны жоқтың қасы. Театрларда сахналық декорациялардың орнына, қазір LED экрандар пайдаланылатын болды. Баспаларда оннан-мыннан суреттерді құрастырып, кітаптың мұқабасын жасай салатын дизайнерлердің қызметін пайдаланады. Бірлі-жарым суретшілер білім берумен айналысып, суретшілер дайындайтын оқу орындарында жұмыс істейді демесек, бүгінде суретшілердің қалың тобы жұмыссыз деуге болады. Анда-санда мемлекеттік тапсырыс болады, бірақ олар барлық суретшілерді қамтымайды ғой.
Кеңестік кезде мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын, мейрамдарға байланысты түрлі лозунг, плакаттарды жазатын, мәдени орындарға безендіру жұмыстарын жүргізетін суретшілердің айлығы бес жүз сомнан асып жығылатын. Олардың өзі үшінші, төртінші дәрежедегі суретшілердің жағдайы, ал негізінен шығармашылықпен шұғылданатын бірінші дәрежелі суретшілердің материалдық дәрежесі олардан үш-төрт есе артық еді. Былайша айтқанда, Cуретшілер одағы кеңестік кезде өзін-өзі қаржылық жақтан қамтамасыз ететін шығармашылық одақ болды. Қазір бізде ондай мүмкіндік жоқ...
– Суретшілер мемлекет, қоғам тарапынан қандай көмекке мұқтаж? Олардың беделін көтеру, олардың еңбегіне деген сұранысты арттыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
– Суретшілерді елде «бір картинасын пәлен миллионға сатады, бай ғой» деп ойлайтын шығар. Бірақ ондай жағдай кез келгенге бұйыра бере ме? Рас, қазір өзгелер сияқты біздің қылқалам шеберлері де әлемнің кез келген елінде өтіп жатқан көрмелерге қатысуына кедергі жоқ. Бірақ оған барып қатысуға кез келгеннің жағдайы жете бере ме? Бәрі демеушілер іздейді, тапса барады, таппаса бармайды. Тағы бір айта кететін жәйт: суретшілер өз туындысын шетелдік көрмеге алып бару үшін елден шығуға арнайы рұқсат алуы керек. Алдымен суретшілердің өзімен бірге алып бара жатқан түпнұсқа туындыларына Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейі «Мәдени құндылығы жоқ» деген анықтама береді, кейін әкімшілік мөр басып, бекітіп, рұқсат қағазын береді. Содан кейін ғана шетелге шығуға мүмкіндік болады. Ал сол жұмыстар шетелдегі көрмеге қатысса, мәдени құндылық ретінде бағаланып жүлделер алынып жатады, сонымен қатар шетелдік мұражайлар мен қорлар сатып алып жатады. Былай қарасаңыз, күлкілі нәрсе ғой. Мұның бәрі түптеп келгенде еліміздің «Мәдениет туралы заңында» бейнелеу өнері ұғымының жоқтығы мен шығармашылық суретшінің кәсіби маман ретінде аталмағаны болып отыр. Осыған орай, жоғары жаққа талай рет конструктивті ұсыныстарымызды жолдап отырмыз, бірақ, әзірге нәтиже болмай тұр.
Шетелдерде суретшілердің еңбегі жоғары бағаланады, картиналары аукциондарда қымбат бағаларға сатылады. Демек, соған байланысты тұрмыс жағдайы да жақсы болады. Ал бізде ше? Бірен-саран ақшасы бар коллекционерлер сатып алмаса, басқа алушы жоқтың қасы. Бұрын мемлекеттен ақша бөлініп, суретшілердің картиналарын музейлер сатып алатын. Сондықтан әр кезеңдегі суретшілердің еңбектерін музейлерден көруге болатын. Оның тоқтағанына да көп уақыт болды. Сондықтан тәуелсіздіктен бергі жерде қазақ суретшілерінің еңбектерін музейлерден кездестіру қиын. Мәселен, музейлерде 1990-2005 жылдар аралығындағы кезеңді көрсететін суретшілердің туындылары жоқ деуге болады. Оның себебі, үкіметтен музейге қор толтыруы үшін қаржы бөлінбегендіктің салдары. Ал Алматыда өткен ғасырдың соңында он үш сурет галереясы болса, бүгінде содан екі-үшеуі ғана қалды.
Әрине, қылқалам шеберлері көрме өткізген кезде бір-екі картинасын музейге сыйлап кетуі мүмкін, бірақ олар толық болмағаннан кейін қазақ сурет өнерінің белгілі бір кезеңдегі шығармаларымен жеткілікті танысу келешек ұрпаққа қиын. Ендеше, сурет өнерін бағалауға мемлекет тарапынан бетбұрыс жасалмаса, бәрі бекер болмақ.
Жас ұрпақ қазақ сурет өнерінен хабарсыз өсіп келеді. Бүгінгі мектеп бағдарламасында сурет және сызу сабағын алып тастаған.
Жастардың назарын аударатын тек телефон болып отыр. Ал нағыз өнер назардан тыс қалып жатыр. Сондықтан елдің болашағын ойласақ жас ұрпақты өнегелі өнерге, оның ішінде сурет өнеріне баулып өсіруіміз керек.
Материалдық құндылық жағынан алғанда жұрт суреттің не құны бар деп ойлайтын шығар, ал шынында оның керек жерінде оның да байлық бола алатынының мысалы көп. Мысалы ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО басшысы И.Сталин Америкаға Эрмитаждан 50-ден аса картинаны сатып, соған қару-жарақ алғаны туралы дерек бар. Суретшілердің еңбегі құнды болмаса сондай жағдай болар ма еді? Тағы бір айта кететін нәрсе, жан-жағымыздағы елдердің бәрінде суретшілерге арналған арнайы Сурет академиясы (оқу орны, ғылыми-зерттеу лабораториясы) бар, тек бізде ғана жоқ. Бізде бар оқу орындарын жалпы өнермен біріктіріп жіберген.
– Бізде суретшілердің өсіп-жетілуі үшін қандай жағдайлар жасалған? Суретшілерді қайда даярлайды?
– Өзге елдер сияқты бізде де сурет өнеріне қызығатын, болашақта суретші болсам деп армандайтын балалар көп. Жас суретшілерге арналған түрлі байқаулар өтіп жатады. Болашағын суретшілік өнермен байланыстырғысы келгендер болса, Қазақстанда суретшілер даярлайтын біраз оқу орындары бар. Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде (бұрынғы Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесі), Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында, Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде, Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бейнелеу өнері факультетінде, т.б. оқу орындарында суретшілерді даярлайды. Солардың бірін оқып бітіріп қабілетін дәлелдеген, сурет өнерімен беріле айналысқандарға суретші болуға кедергі жоқ.
Жалпы, суретші өзінің ерекше мәнерімен көзге түсіп, білімімен, шеберлігімен, тәжірибесімен көрінсе, оған Суретшілер одағының мүшесі болуына мүмкіндігі бар.

 – Елімізде сурет өнерін, суретшілердің шығармашылығын насихаттау деңгейі қандай?
– Жоғарыдағы айтылған ойларға зер салсаңыз, елімізде сурет өнерін насихаттау ісіне көңіл толмайтынын байқар едіңіз. Адам сурет өнерімен мектеп кезінен танысып, білмесе оны қайдан білсін. Орта мектеп бағдарламасында сурет сабағы болмаса, балалар да суретке қызыға қоймас. Кеңестік кезеңде де мектептерде сурет сабағы болғанымен, оны оқытатын арнайы маман мұғалімдер сирек кездесетін. Қалалық жерлерде болмаса, аудандық, ауылдық жерлерде суретшілікті оқыған мұғалімдер жетіспеді.
Дегенмен бүгінде өз бетінше сурет салып, соны дамытатын балалар да аз емес. Оған дәлел – елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған жас суретшілердің байқауларының өтіп жатуы.
Жасыратыны жоқ, газет-журналдарда, радио-телевидениеде суретшілердің насихаты аз. Сондықтан жалпы халықтың бұл өнерге түсінігі де, қызығушылығы да ойдағыдай емес.
Суретшілердің елді өз туындыларымен таныстыратын жалғыз орта – музейлер мен галереяларда көрмелер ұйымдастыруы болса, көрме өткізуге де біраз қаражат керек. Оған демеуші таппаса, суретшілер көрме өткізе алмайды. Ал өз туындыларын альбом ретінде шығаруы суретшілерге ол да өте қымбатқа түседі. Себебі сурет жай қағазға басылмайды. Былайша айтқанда, суретшінің бір альбомына жазушының он кітабына жұмсалатын қаржы кетеді. Осы орайда Мемлекеттік тапсырыспен суретшілердің альбомдарының шығарылуы қолға алынса дейміз.
Суретшілер одағының 80 жылдығы тұсында 5 томдық альбом демеушілер арқасында шығарылды. Онда сурет өнерінің барлық саласы қамтылып, еліміздің суретшілері туралы мәліметтер мен суреттер берілген. Алайда осы толымды еңбек аз таралыммен жарық көрді. Тіпті, қазір кітапханалардан табыла бермейді. Негізі, соны мемлекет шығаратын орны бар еді. Еліміздің атын шетелге танытып, қазақ халқының сурет өнерін әлемге паш етіп жүрген қылқалам шеберлерін өз мемлекеті насихаттамаса, кім насихаттайды?
Кейде біздің көрмелерімізге журналистер келіп, сұхбат алып, суретшілерге қатысты сұрақ қояды. Сонда олардың сұрақтарынан-ақ сурет өнерінен хабары жоғын байқауға болады. Әбілхан Қастеев, Қанафия Телжанов, Орал Таңсықбаев секілді бұрында өткен бірді-екілі кісі болмаса, одан кейінгі дәуірдегі суретшілерді біле бермейді. Содан соң көбінің сұрайтыны суретшілердің әлеуметтік жағдайы, кейде болып жататын айтыс-тартыс мәселелері. Ал ол сурет өнерін насихаттауға жата ма?
Елімізде театрлар, концерттік залдар, кітапханалар салынып жатыр, бірақ заманауи суретшілерге заманауи көрме залдары салынып жатыр дегенді естімейміз.
– Ендеше осы олқылықтардың орнын толтыру үшін не істеу керек дейсіз?
– Сурет өнері әдебиет, музыка сияқты насихатталса екен деймін. Орта мектептерде сурет сабағы өз деңгейінде оқытылса болар еді. Елімізде кітап шығарып жатқан баспалар көп, олар өздерінің өнімдерінің барынша тартымды болуы үшін суретшілермен бірігіп жұмыс істесе жаман болмас еді, өздері шығарып жатқан кітаптарының көркемдігі артып, қылқалам шеберлерінің нәпақысын табуына септігін тигізер еді. Үлкен қалаларда көрме залдары көптеп салынып, суретшілерге өз еңбектерін насихаттауға жағдай жасалса бұл саланың халыққа жақындай түсуіне, адамдарға рухани ләззат сыйлауына мүмкіндік артар еді.
Сурет өнерінің тілі күллі адамға ортақ қой. Мен сізге бір қызық айтайын: ана бір жылы Қытайға бардым. Базарға, дүкенге барғанда алатын затымды айтайын десем – тіл білмеймін. Сонда мен не істедім? Алғым келетін орамалдың суретін қағазға салып ұстаттым, сатушы суретке қарап бірден түсініп, керек затты әкеліп берді, бірақ маған әкелген орамалы жібектен болды, маған жүн орамал керек болғандықтан, ормалдың жанына қойдың суретін салғанда сатушы керегімді әкелді. Бұл қарапайым ғана мысал ғой. Ал шын мәнінде, әлемде қазақтың жан-дүниесін таныта алатын дүние сурет өнері. Кең далада жүйрік мініп құйғытып бара жатқан жігіттің не қыздың суретіне қарап өз дәстүрі, тұрмыс-салты бар көшпелі елдің болмысын тани қояды немесе табиғатты бейнелеген картинаға қарап елімізде айдынды шалқар көлдердің, биік-биік таулардың бар екеніне көз жеткізеді. Былайша айтқанда, мемлекет мүмкіндік беріп жатса, суретшілер де ақын-жазушылар мен әнші-композиторлардан, спортшылардан кем танытпас еді ғой қазақты.
Бүгінде халқымыздың жағдайы жақсы, тұрмыс деңгейі тәуелсіздік алған кездегіден көп өсті деп жатамыз ғой. Ал шын мәнінде, халықтың жағдайы жоғары болса керемет үй салып, оның ішін көркемдеу үшін арнайы картиналар салдырар еді. Көрмелер жиі өтіп, халық оған ағылып бармас па еді? Оқитын кітабымыздың мұқабасынан бастап, үйіміздің төріне іліп қоятын ата-әжелеріміздің портреттеріне дейін суретшілерге салдырып қойсақ қандай керемет?! Өкініштісі сол, оған әлі жете алмай жатырмыз. Демек, қазақ бейнелеу өнеріне қатысты қордаланып қалған мәселелер әл-әзірге шешіле қояр түрі көрінбейді.
– Дегенмен ұлтымыздың атын шығарып жүрген қылқалам шеберлері барда қазақ бейнелеу өнерінің болашағы жарқын, әлемді өзіне қарататын кезі әлі алда деп үміттену керек шығар?
– Әрине, солай! Мәселелерді көбірек айтып, жетістігіміз жайында аз сөйлеген сияқты көрінген шығармын. Дегенмен барды бар, жоқты жоқ деп айтқан дұрыс қой.
Шүкір, қазақ бейнелеу өнері қашанда таланттарға кенде болған емес. Әр дәуірдің үлкен тұлғалары бар. Олардың шығармашылығы да өз бағасын алып та жатыр. Халықаралық көрмелерге қатысып, бәйгеден атын оздырып келіп жатқандары да баршылық. Мұның бәрі олардың қара бастарынан гөрі елге пайдалырақ. Шетелдерде танылып жатса, осындай қазақтың мықты суретшілері бар екен деп айтып жүреді. Қазақ суретшісі танылса, қазақ деген халықтың талантты екенін де танытады. Біз қазақ атын алмастан бұрынғы дәуірдегі де өнерлі халық екенімізді танытқан елміз. Бабаларымыздың тасқа қашап салған суреттері – соның дәлелі. Қазақ барда, қазақтың талантты суретшілері дүниеге келіп, қазақтың бейнелеу өнері де жасай береді.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Ахмет ӨМІРЗАҚ