50310
Павлодарда ер адам 3-қабаттан құлап кетті
Павлодарда ер адам 3-қабаттан құлап кетті

Павлодарда ер адам 3-қабаттан құлап кетті. 1962 жылғы тұрғынның бірнеше жері сынған деп хабарлады turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының мәіметінше, оқиға Торайғыров көшесі, 20 мекенжайында сағат 7:10-да тіркелген.
«Торайғыров көшесінде ересек адам мас күйінде үшінші қабаттан құлап кеткен. Травматикалық шок алған. №1 қалалық аурухананың политравма бөліміне жеткізілді. Өкінішке қарай, жоғары қабаттан құлау жағдайлары демалыс күндері жиілейді. Қала тұрғындарынан сақтық шараларын танытуды сұраймыз», – деді Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы басшысының медициналық бөлім бойынша орынбасары Елена Мищенко.Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына сегіз минутта жеткен. Азаматтың омыртқасы мен аяғы сынған. Ол жансақтау бөліміне жатқызылған.