Қазандағы мектепте 9 адамды атып өлтірген азаматқа сот үкімі шықты

Қазандағы мектепте 9 адамды атып өлтірген азаматқа сот үкімі шықты

Қазандағы мектепте 9 адамды атып өлтірген азаматқа сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
50447
Татарстанда Қазандағы мектептердің бірінде оқушыларға оқ жаудырған Ильназ Галявиевті сот өмір бойына бас бостандығынан айырды деп хабарлады turkystan.kz. Arbat.media ақпарат агенттігінің мәліметінше, қылмыскер ерекше тәртіптегі колонияда отырады.
«Галявиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалсын», - деп сот үкім шығарды.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы 11 мамырда Қазандағы №175 гимназияның бұрынғы оқушысы Галявиев атыс ұйымдастырып, соның кесірінен 9 адам қаза тапқан. Оның жетеуі оқушы болса, қалған екеуі - аталған білім ошағының мұғалімі. Аталған қылмыстық іс бойынша мектепте болған 667 адам жәбірленуші ретінде сотта Галявиевті айыптап, ол өз кінәсін мойындаған.

Серіктес жаңалықтары