Алматыда белгісіз біреу әйелдің басы салынған пакетті базарға тастап кеткен

Алматыда белгісіз біреу әйелдің басы салынған пакетті базарға тастап кеткен

Алматыда белгісіз біреу әйелдің басы салынған пакетті базарға тастап кеткен
ашық дереккөзі
50218
Алматыда белгісіз ер адам қыздың басы салынған пакетті базарға алып келген деп хабарлады turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап. Телеграм каналдардың біріне Алматыда белгісіз ер адам қыздың басы салынған пакетті әкеліп, Шолохов көшесіндегі базардағы бутикке тастап кеткені туралы ақпарат түскен. Айтуларынша, сатушы әйел пакеттің ішіндегі адамның басын көрген.
«Бүгін сағат 08:42-де 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлама түскен. Ақпарат расталды. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексерді: әйелдің басы кесілген. Оның жеке басы анықталды: 1976 жылы туған азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге ​​жатпайды.

Серіктес жаңалықтары