50294
Бүгін Азия чемпионатында қазақстандық бес балуан сайысқа түседі
Бүгін Азия чемпионатында қазақстандық бес балуан сайысқа түседі
Бүгін Астана қаласында әйелдер күресінен Азия чемпионатының екінші ойын күні өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл күні 53, 57, 62, 65, 72 келі салмақта жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстандық спортшылар сапынан алғашқы белдесуінде Алтын Шағаева тайпейлік Се Мэн-сюаньмен шеберлік байқасса, Нилуфар Раимова да сол елдің өкілі Чэн Юй-ханьмен кездеседі.
Ал Ирина Кузнецованың қарсыласы - оңтүстіккореялық Джо Су-вен.
Ел құрамасынан Альбина Қайыргелдинова жапониялық Махиро Ёситакэ және қырғызстандық Дилназ Сазановамен бірге жарыстың алдағы сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салады.
Сондай-ақ Жәмила Бақбергенова ширек финалда тайпейлік Хунг Пин-ценмен сайысқа түседі.