30 жыл бір-бірін көрмеген әке мен бала Семейде қауышты

30 жыл бір-бірін көрмеген әке мен бала Семейде қауышты

30 жыл бір-бірін көрмеген әке мен бала Семейде қауышты
ашық дереккөзі
50297
Семейде бір-бірін 30 жыл көрмеген әке мен бала қауышты деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, Павлодар қаласының тұрғыны ұзақ уақыт бойы әкесін көрмеген. Жігіт 2 жаста болғанда ата-анасы ажырасып кеткен. Қазір ол Павлодар қаласында анасымен бірге тұрады. Жігіт өзінің бала арманын орындау үшін Семей қаласының полицейлерінен көмек сұраған. Әуезов полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әділ Баймурин іздеуді ұйымдастырып, ер адамның орналасқан жерін анықтады.
«Әкесі ескі мекенжайда ұзақ уақыт тұрмаған. Пәтерін сатып, шаруа қожалығына жұмыс істеуге көшкені белгілі болды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары