«AMANAT CUP»: Алматыда футболдан өнерлі жастар арасында турнир өтті

«AMANAT CUP»: Алматыда футболдан өнерлі жастар арасында турнир өтті

«AMANAT CUP»: Алматыда футболдан өнерлі жастар арасында турнир өтті
ашық дереккөзі
50248
Алматыда футболдан өнерлі жастар арасында турнир өтті. Оған еліміздегі ең үздік 8 медиа команда қатысты. «AMANAT» партиясының кубогына арналған доп додасы бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырылған. Саламатты өмір салтын дәріптеуді көздейтін жарысқа «Жастар Рухы» жастар қанаты тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.  width=
«AMANAT» партиясының кубогына арналған жарыс еліміздің әр қаласынан жиналған жас өнер саңлақтары мен мәдениет майталмандарының басын қосты. Бұл жастардың уақытын тиімді өткізу үшін керемет мүмкіндік. Өнерде жүрген азаматтардың спортпен шұғылдануына біздің ұйым себепші болып, дәстүрлі түрде өтуіне өз үлесін қосып жатыр»,- деді Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.
Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «LF Qurman» командасы жеңіп алып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орынды Қостанай облысының «Arqalyq» командасы, ал үшінші орынды «Zhambyl» командасы иеленді.  width= Бұдан бөлек, 5 номинация бойынша үздік ойыншылар марапатталды. Атап айтқанда, «Мейірбек Жұбатов – Үздік қақпашы»  (LF Qurman), «Рауль Мақсотов – Үздік шабуылшы» (Madeniet Oral), «Сұлтан Бақыткириев – Үздік қорғаушы» (Arqalyq), «Елдос Өмірхан – Үздік ойыншы» (LF Qurman), ал «Әлиасқар Тағайбеков – Жаңа есім» (Zhambyl) аталымы бойынша марапатталды.  width= Жарыс ұйымдастырушысы, тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманның айтуынша, биылғы турнирдегі финалдық ойын алғаш рет Youtube арнасының тікелей эфирінде көрсетілді.    

Серіктес жаңалықтары