Елордада жылу, су мәселесі қалай реттеледі - әкім жауап берді

Елордада жылу, су мәселесі қалай реттеледі - әкім жауап берді

Елордада жылу, су мәселесі қалай реттеледі - әкім жауап берді
ашық дереккөзі
50217

Биыл Астанада 2 газ жылу стансасы мен ЖЭО-3 іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Atameken Business телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді  деп хабарлады turkystan.kz.

«Астанада былтыр 3 млн шаршы метрдей тұрғын үй қосылды. Ол қосымша жылу талап етеді. Бұл мәселе бойынша үлкен жұмыстар басталып кетті. Биыл 2 газ жылу стансасы іске қосылып, өз жұмысын бастайды. Бұл 2 станция 600 гкал/сағ. жылу береді. Ол жұмыстарды тамыз айында бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. ЖЭО-3-тің бірінші кезеңі де биыл бітеді. Онда 5 қазандық қосымша 400 гкал/сағ. жылу береді. Екі газ жылу стансасы мен ЖЭО-3 беретін жылу 3-4 жылға жеткілікті болады», - деді ол.

Сондай-ақ қала әкімі су мәселесіне қатысты орындалып жатқан нақты жоспарларды атады.

«Қазір бұл проблема жиі көтеріліп жүр. Биыл жаңа сорғы-сүзгі стансасының құрылысы аяқталады. Ол күніне қосымша 100 мың текше метр су береді. Қазіргі тапшылық 25 мың текше метрді құрайды. Ол дефицитті жауып, қосымша 80-75 мың кубометр суды беруі тиіс. Бұл да осы жылдың, келесі жылдың құрылысын толығымен қамтитын болады.

Аталған үлкен нысанның құрылыс жұмыстары жазда аяқталып, тамыз айына дейін суды толығымен береміз. Түнгі уақытта ешқандай шектеу болмайды. Су толық қысыммен берілетін болады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Одан бөлек ол мектеп, емхана мәселеріне қатысты сауалдарға жауап берді.

«Биыл 11 мектеп, келесі жылы 24 мектеп берілетінін айтты. Олардың жартысы Есіл ауданында орналасқан.

Сондай биыл 2 емхананы іске қосу жоспары бар. Тағы үшеуінің құрылысы келесі жылы аяқталады. Есіл ауданында жеке инвестиция арқылы 3 емхананың құрылысы басталды. Қаланың шетінде емханаларды әкімдік өзі салады. Осыған дейін айтып кеткенімдей, соңғы 3-4 жыл ішінде қалада жылына 30 мыңдай бала дүниеге келеді. Перзентхана жетпей жатыр. Екі үлкен нысанның біреуін әкімдік, екіншісін министрлік салады. Бұдан бөлек министрлік үлкен онкологиялық орталық салып жатыр. Оның құрылысы биыл бітіп қалады», - деп жауап берді әкім.

Серіктес жаңалықтары