50252
Ақмола облысында 4 жасар бала кәріз құдығынан өлі табылды
Ақмола облысында 4 жасар бала кәріз құдығынан өлі табылды

Ақмола облысында 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 сәуір сағат 22:00-де Целиноград аудандық ПБ-не Қараөткел ауылының тұрғыны хабарласып, 4 жасар ұлын іздеп табуға көмек сұраған. Ата-анасының сөзінше, бала сағат 17:30 үй ауласына ойнауға шыққан екен.
«Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын қолға алды, соның нәтижесінде баланың денесі үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан табылды. Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешімі қабылданады», - деді ПД баспасөз қызметі.