Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында байқау өтті

Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында байқау өтті

Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында байқау өтті
ашық дереккөзі
50374
Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында «Біздің таланттар» республикалық байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  Байқаудың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың талантын ашу. Республикалық байқаудың I (қалалық) іріктеу кезеңіне 80-ге жуық ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жатыр.  width=
«Өнер байқауы осымен екінші рет өткізіліп жатыр. Оған 3 пен 10 жас аралығындағы балалар қатысуда. Олар сахнада ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетеді. Бастысы, әр бала назардан тыс қалмайды. Ал байқау соңында өнерпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етеміз», – деді Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің бас маманы Гүлшат Исинова.
 width= Байқауға 3 пен 10 жас аралығындағы 80-ге жуық бала қатысып жатыр. Олар 6 номинация бойынша өнер көрсетеді. Олардың қатарында «Алтын дауыс», «Үздік декларатор», «Кішкентай биші», «Жаңа бастаған әртіс», «Оркестр» және «Бармағынан бал тамған» номинациялар бар.
«Бүгінгі байқауға 6 жастағы қызымды алып келдім. Медина «Алтын дауыс» номинациясы бойынша «Мама – первое слово» әнін орындайды. Қызымның көңіл-күйі – жақсы. Таңертең үйден шыққанда «Көйлегімді киіп, сахнаға шығып, ән айтамын» деп келді. Әрбір ананың жүрегі балам деп соғады. Қызым сахнаға шығып, өнер көрсеткенде уайымдаймын», - деді ата-ана Меруерт Мұхамеджанова.
 width=  width=

Серіктес жаңалықтары