Полицейлер ауызашар уақытында жүргізушілерге су мен құрма таратты (ВИДЕО)

Полицейлер ауызашар уақытында жүргізушілерге су мен құрма таратты (ВИДЕО)

Полицейлер ауызашар уақытында жүргізушілерге су мен құрма таратты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50493
Атырау полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге су мен құрма таратты деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл – Ораза ұстаған жандарға қолдау көрсету. «Жылына бір рет келетін айлардың сұлтаны – Рамазан. Бұл айда адамдар бір-біріне мейірімділік танытып, қайырымдылық көрсетеді. Бір-бірімізге көрсеткен жанашырлық пен қамқорлық елдің ырысын арттырады. Атырау қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ауызашар уақытында көшедегі жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне құрма мен су таратты. Өйткені, жолда кептеліс пайда болуы мүмкін. Өзге де себептермен Ораза ұстаған жан діттеген орынға ауыз ашу үшін дер кезінде жете алмай, кешігуі мүмкін. Осындай себептерді ескерген полиция қызметкерлері дәл ауызашар уақытында су мен құрма тарату арқылы ораза ұстаған жандарға қолдау білдірді. Су мен құрма сыйлау соншалықты қиын іс емес. Бұл – шын көңілден жасалған іс. Ораза ұстаған жандарға ықыласы мен ілтипат көрсету арқылы жүректерге жылу сыйлау, жақсылық жасауға себепші болу артық етпейді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары