50365
Алматыда көлік жүргізушісі жасөспірім қызды қағып кеткен
Алматыда көлік жүргізушісі жасөспірім қызды қағып кеткен
![Алматыда көлік жүргізушісі жасөспірім қызды қағып кеткен](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2023/04/47d40ebf-6083-43cb-9a13-ed94b88bc46d_3.jpg)
Алматыда велосипед мінген қызды көлігімен қаққан жүргізуші іздестірілуде деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желіде көлік қаққан қыздың видеосы шықты. Желі қолданушының мәліметі бойынша, 4 сәуір, кешкі сағат 18:00-де Достық даңғылында 875ALS02 мемлекеттік нөмірі бар автокөлік қағып кеткен. Оқиға салдарынан қыз әртүрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген.
Жол-көлік оқиғасын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тіркеп, тексеру жүргізіп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, автокөлік Достық даңғылымен оңтүстік бағытта бара жатқаны анықталды. Қарама-қарсы бетке бұрылу кезінде жүргізуші велосипедпен келе жатқан кәмелетке толмаған қызды қаққан. Қазіргі уақытта зардап шегуші ауруханада жатыр. Оның алған дене жарақаттарына сот-медициналық сараптамалар тағайындалатын болады. Сонымен қатар, оқиға бойынша орнынан жасырынған жүргізушіні анықтау бойынша іздестіру-анықтау іс-шаралары жүргізілуде.