Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді
ашық дереккөзі

Алматы қаласында 7-9 сәуір күндері дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы өтеді. Аталған жарыс Бекет Махмұтовты еске алуға арналады деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтетін сайыста жасөспірімдер (2006-2007) мен жастар (2003-2005) бәсекеге түседі. IJF ережесіне сәйкес, Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингіге ұпай қосылады. Жарыс жеңімпазына - 100, күміс жүлдегерге - 60, қола жүлдегерге - 40 ұпайдан беріледі. Азия кубогы биыл алтыншы рет ұйымдастырылады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Гонконг, Түрікменстан, Грекия, Грузия және АҚШ-тан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.