Алматы облыстық ҰҚКД-ның экс-басшысы 6 жылға сотталды

Алматы облыстық ҰҚКД-ның экс-басшысы 6 жылға сотталды

Алматы облыстық ҰҚКД-ның экс-басшысы 6 жылға сотталды
ашық дереккөзі
50367
Талдықорған қалалық сотында лауазымды адамның өз құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс және ауыр зардаптарға әкеліп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануы фактісі (ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігі) бойынша К-ге қатысты іс қаралды деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сотпен анықталғандай, К. Алматы облысы ҰҚКД бастығы бола тұра, өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалана отырып, 2022 жылғы 5 қаңтарда орын алған оқиғаларды ескере отырып, өзінің лауазымдық міндеттерін елемей, жеке құрамға департамент ғимаратын қорғау жөнінде шаралар қолданбауға; әкімшілік ғимараттан кетуге; қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген, нәтижесінде кейіннен ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеліп соқтырды ("құпия" деген белгіге байланысты басқа мән-жайларды жария ету мүмкін емес), – делінген Талдықорған қалалық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сот үкімімен К. 362-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны да нақтыланады.
Қазақстан Республикасының Президентіне К.-ге қатысты Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп толықтырған.

Серіктес жаңалықтары