Көкшетауда 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Көкшетауда 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Көкшетауда 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
ашық дереккөзі
50442
Көкшетауда 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуірде Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, 2006 жылы туған сіңлісі Тойбазар Лейла Асхатқызының жоғалғанын айтқан. Ол 4 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. Белгілері: бойы 150-155 см, дене бітімі арық, шашы қара, қысқа, көздері қоңыр. Үстінде: күңгірт жасыл түсті күрте, қара түсті шалбар, қара түсті кроссовка.
«Аталған факті бойынша Көкшетау қаласы Полиция басқармасының полиция қызметкерлері барлық аумақтық бөлімшелерге кәмелетке толмағанның белгілерімен бағдарлау жолданды. Жедел-іздестіру іс-шараларына Көкшетау қаласы Полиция басқармасының барлық қызметтерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Кәмелетке толмағанның тұратын ауданындағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде. Қаланың басқа аудандары да пысықталуда. Қыздың жақын туыстары мен достары арасында сауалнама жүргізілді. Полицейлер ықтимал орналасқан жерлерін тексеруде. Жоғалған адамды табуға еріктілер көмектесуде. Кәмелетке толмағанның белгілері бар бағдарлар Whats app мессенджеріндегі әлеуметтік желілер мен чаттарда орналастырылған», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Л.А.Тойбазардың орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда.
«Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардың барлығынан Көкшетау қаласының Полиция басқармасына Сәтпаев көшесі, 1 "а" мекенжайы бойынша немесе телефон арқылы хабарлауды сұраймыз 8-(7162)-25-78-05, 8-747-352-16-95 немесе 102», - делінген хабарламада.
 width=

Серіктес жаңалықтары