ҰҚК Күдебаевқа қатысты тағы бір мәлімдеме жасады

ҰҚК Күдебаевқа қатысты тағы бір мәлімдеме жасады

ҰҚК Күдебаевқа қатысты тағы бір мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
50201
Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев таулы жер арқылы шекара кесіп өтуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қырғызстанмен мемлекеттік шекара 1 257 шақырымға созылып жатыр. Алматы бағытында бізде Алатау таулы алқабы бар. Бұл бағытта күзетуге қажет техникалық құралдар жоқ екенін ескере отырып, осы таулар арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өту мүмкіндігі бар. Мұны анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр», - деді Ерлан Алдажұманов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның дерегінше, күдіктінің қайда екенін анықтау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлескен топ құрылған. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі мен өзге де мемлекеттік органдар жанында арнаулы топ жұмыс істеп жатыр. 5 шекара бекетінің 300-ге жуық қызметкері де осы жұмысқа жұмылдырылған. Сондай-ақ ол БАҚ өкілдерінің Серік Күдебаевтың қашып кеткені жайлы ақпарат неліктен кеш жарияланғаны туралы сауалына жауап берді.
«Біз оның қашып кеткен-кетпегенін білмедік. Бұған дейін де атап өткенімдей, ол мемлекеттік шекараны ресми өткізу пункттері арқылы кесіп өткен жоқ», - деді ол.
Еске сала кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары