Астанада баспасөз хатшыларына арналған тренинг өтті

Астанада баспасөз хатшыларына арналған тренинг өтті

Астанада баспасөз хатшыларына арналған тренинг өтті
ашық дереккөзі
50214

5 сәуір күні Астанадағы MAQSUT NARIKBAYEV университетінде медиа сарапшы, журналист, қоғаммен байланыс және коммуникация саласының маманы, «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының авторы Маргерит Хокси Салливан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың баспасөз хатшылары үшін тренинг мен уоркшоп өткізді деп хабарлады turkystan.kz.

«Кризистік коммуникация» тақырыбында өткен жиында медиа сарапшы дағдарыс кезіндегі баспасөз хатшылары ескеру керек жағдаяттар мен негізгі ережелерге тоқталды.

Маргерит Хокси Салливанның айтуынша, дағдарыс кезіндегі баспасөз хатшыларының қызметін 3 кезеңге бөлген дұрыс.

 width=

«Дағдарыс кезіндегі коммуникацияны 3 кезеңге бөліп қарастырамыз. Бірінші кезең - дағдарысқа дейінгі уақыт. Бұл кезде баспасөз хатшысының бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатуы маңызды. Өйткені дағдарыс жағдайы болған кезде, ресми өкіл әрі кеткенде 1 сағаттың ішінде журналистермен хабарласа алуы керек. Ал екінші кезең - дағдарыс уақыты. Бұл кезде баспасөз хатшысы оқиға болған орынға бару керек. Сондай-ақ келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын білмесе де, «Қандай оқиға қай жерде болды?» деген сынды ақпаратты білгені дұрыс. Олар  «Менің ойымша» деген сарындағы сөздерді қолданбай, нақты ақпарат беру керек», - деді ол.

Спикердің сөзінше, үшінші, дағдарыстан кейінгі кезеңде, баспасөз қызметі артықшылықтар пен кемшіліктерді саралап, қорытынды жасайды.

 width=

Уоркшоп барысында қатысушылар айтылған ақпарат пен ұсыныстарды  іс жүзінде қолданып, кейстарды талдады. Шара бейресми форматта аяқталды, қатысушылар дағдарыс жағдайларын талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тәжірибе алмасты.

Еске салайық, Маргерит Хокси Салливанның Қазақстанға ресми сапары 3 күнге созылды. Алғашқы күні оның қазақшаға аударылған «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» (A Responsible Press Office in the Digital Age) кітабының тұсаукесері өтсе, медиа сарапшы қалған екі күн баспасөз хатшылары үшін тренинг өткізді.

Маргерит Хокси Салливан Смитсон институтында дәріс оқыған және  Харвард университетінің Джон Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің саясат институтында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеген. АҚШ-тың гуманитарлық ғылымдар жөніндегі ұлттық кеңесінде және ЮНЕСКО-ның коммуникацияны дамыту бағдарламасының гранттар басқармасында қызмет атқарған.

 width=

Айта кетейік, шараның ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстандық қоғамдық даму институты, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі және «MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY».

Серіктес жаңалықтары