«2 сәуір сағат 17.20 шамасында «Союз» саяжай қоғамы жанындағы теміржол көпірінің астында, Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 2022 жылы 13 қазанда жоғалып кеткен 1988 жылы туған қала тұрғынының денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ.Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процесстік шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Оқиға орнынан смарт-сағат пен жоғалған адамның атына ашылған Kaspi Gold карточкасы табылды. Мәйітті әкесі таныды», - делінген мәліметте.
5 ай бұрын жоғалып кеткен Екібастұз тұрғынының денесі табылды

5 ай бұрын жоғалып кеткен Екібастұз тұрғынының денесі табылды
Екібастұз қаласында 5 айдан астам уақыт бұрын із-түзсіз жоғалған 35 жастағы ер адамның денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.