Германияға тасымалданатын мұнай мөлшері 100 мың тоннаға дейін жеткізілмек

Германияға тасымалданатын мұнай мөлшері 100 мың тоннаға дейін жеткізілмек

Германияға тасымалданатын мұнай мөлшері 100 мың тоннаға дейін жеткізілмек
ашық дереккөзі

«ҚазТрансОйл» Германияға тасымалданатын мұнай мөлшерін 100 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы акционерлік қоғамның Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті хабарлады. 

Ресми мәлімдемеге сүйенсек, «ҚазТрансОйл» сәуір айында 100 мың тонна Қазақстан мұнайын «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр. Процесс Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай жүретін болады.

Биылғы ақпан-наурыз аралығында «ҚазТрансОйл» Германияға 40 мың тонна Қазақстан мұнайын жіберген еді.

- 2022-ші жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады, - деп жазылған ресми хабарламада.