«Оның нақты неден қаза болғаны әзірге белгісіз. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, құрамына компания мамандары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері кірді. Өлімге не себеп болғанын сол комиссия анықтайды» - деді KAZ Minerals тобы корпоративтік байланыс департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.Оның айтуынша, KAZ Minerals тобы басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Компания оның отбасына қажетті көмек көрсетеді.
ШҚО-дағы шахтада жұмысшы өлі күйінде табылды

ШҚО-дағы шахтада жұмысшы өлі күйінде табылды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы шахтада жұмысшының денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz YK-news сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 25 наурызда мыс өндіретін KAZ Minerals компаниясының Шемонаиха ауданындағы «Артемьевская» шахтасында болған. Марқұм бұрғылаушының көмекшісі болып жұмыс істеген.