50326
Ерлан Қарин Президенттің сөзіндегі негізгі месседждерді атады
Ерлан Қарин Президенттің сөзіндегі негізгі месседждерді атады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіндегі негізгі месседждерді атады деп хабарлады turkystan.kz.
Ең бастысы, Президент басты мақсатына жету, яғни халықтың әл-ауқатын арттырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолында өзі бұған дейін ұсынған негізгі қағидаттарға арқа сүйейді. Бұл қағидаттар – заң үстемдігі, ел бірлігі, әлеуметтік жауапкершілік және ішкі саяси тұрақтылық, - деп жазды Мемлекеттік кеңесші.
- Саяси реформалар жалғасады, саяси жүйе одан әрі жаңғыртыла береді.
- Қазақстан – дамудың жаңа үрдісін қалыптастырып, түбегейлі реформа жүргізіп жатқан геосаяси төңіректегі бірден-бір мемлекет.
- Мемлекет басшысы өзінің сөзінде алғаш рет AMANAT партиясын ғана емес, Парламентке өткен басқа да партияларды атап өтті. Осылайша партиялардан дербес тұрған саяси төреші мәртебесін тағы бір рет көрсетті.
- Мемлекеттің басты назары өзекті экономикалық мәселелерді шешу жағына ойысады.
- Шағын және орта бизнесті дамыту ісі енді мемлекеттің экономикалық саясатының өзегіне айналады.
- Барлық әлеуметтік топ өкілдеріне қатысты мемлекеттік қолдау шараларына тоқталған Президент өзінің саяси бағдарында әлеуметтік мәселелерге баса мән беретінін айқын аңғартты.
- Президент ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспарлауға қатысты ұстанымдарды жаһандық үдерістерді ескере отырып, қайта қарауды ұсынды.