Қазақстандық мерген әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық мерген әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық мерген әлем кубогының қола жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
50277
Қазақстандық мерген Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан жүлде алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, спортшы бұл сайыста 261.2 ұпай жинады. Айта кетейік, Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.

Серіктес жаңалықтары