50456
Шымкентте 5 жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті
Шымкентте 5 жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті

Шымкентте 5 жасар қыз төртінші қабаттағы терезеден құлаған, баланың үйде ата-анасының қарауынсыз болғаны да анықталды деп хабарлады turkystan.kz.
Оқыс оқиға 23 наурызда күндізгі уақытта Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданына қарасты 16-ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізілді (жағдайы ауыр).
«Қазіргі таңда қыз балаға ота жасалды, ол комада, әлі есін жимады. Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар», - деп атап өтті Шымкент қаласы ТЖД.