Айта кетейік, осы жеңісінен кейін Рыбакина спорттық мансабында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді.
Елена Рыбакина Президенттің құттықтауына жауап берді
Елена Рыбакина Президенттің құттықтауына жауап берді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауына жауап берді, - деп хабарлады turkystan.kz.
Бұған дейін 23 жастағы спортшымыздың Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз. Отандасымыз финалдық кездесуде әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы айқын басымдықпен жеңген.
Жарыстан соң Президент Рыбакинаны айтулы жеңісімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Спортшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын Instagram парақшасындағы Stories-інде бөлісіп, Қазақстанның туы мен жүрек эмодзиін белгіледі.