Жаңа Парламентте халықтың мүддесін толық қорғай алатын құрам болуы тиіс – сарапшы

Жаңа Парламентте халықтың мүддесін толық қорғай алатын құрам болуы тиіс – сарапшы

Жаңа Парламентте халықтың мүддесін толық қорғай алатын құрам болуы тиіс – сарапшы
ашық дереккөзі
50269
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Татьяна Липина айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл сайлаудың ерекшелігі – өткен жылы қабылдаған заңнамалық өзгерістерге байланысты саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендегені. Бұл елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Конституциядағы жаңа өзгерістерге байланысты Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау пропорционалды және мажоритарлық жүйеде жүзеге асырылуда. Ал мажоритарлық жүйе деген не? Мажоритарлық тәсіл арқылы жергілікті тұрғындар таңдаған және аймақтың барлық проблемаларына қанық азамат сайланады. Демек, ауылға, аймақтың халқы өзін кандидат ретінде ұсына алады. Ол үшін үміткердің қоғамдық ұйым мен партияның мүшесі болуы міндетті емес», - деді ол.
Сарапшы Конституциялық өзгерістер сайлау науқанына қалай әсер еткені туралы айтты.
«Президент қабылдаған реформалардан кейін саяси партияларға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Яғни, жаңа саяси бірлестіктер құру рәсімдері жеңілдетілді: партияларды тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін, өңірлік өкілдердің ең аз санына (600-ден 200 адамға дейін) және ұйым құру жөніндегі бастамашыл топқа (1000-нан 700 адамға дейін) қойылатын талаптар қысқартылды», - деді ол.
Сондйа-ақ ол жаңа Парламенттен халықтың мүддесін толықтай қорғай алатын және қабылданатын заң жобаларын ашып айтатын құрам күтетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары