50774
Үш облыста 9 заңбұзушылық тіркелді – Бас прокуратура
Үш облыста 9 заңбұзушылық тіркелді – Бас прокуратура

Дауыс беру процесі басталғаннан бері үш облыста 9 заң бұзу фактісі ресми тіркелген деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин онлайн телемарафонда мәлімдеді.
«Мониторинг нәтижесінде дәл осы уақытта сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелді. Олар Алматы облысында Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде; Жетісу облысында Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы учаскелерде; Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Жамбыл аудандарындағы учаскелерде болған», - деді Бас прокуратура өкілі.