«19 наурызда автобустар таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін штаттық режимде жүреді. Жолаушылар үшін жол жүру тегін болады. Ал 20 наурыздан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді», - делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғындары елордадағы сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн біле алады:
- Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
- Telegram-дағы Чат-бот: https://t.me/sailau_astana_bot
- Smart Astana мобильді қосымшасы;
- IKomek бірыңғай байланыс орталығы 109 телефоны бойынша.