Қуат Хамитов өзбекстандық файтермен жекпе-жек өткізеді

Қуат Хамитов өзбекстандық файтермен жекпе-жек өткізеді

Қуат Хамитов өзбекстандық файтермен жекпе-жек өткізеді
ашық дереккөзі
50271
«Найман» лақап атымен танылған қазақстандық жекпе-жек шебері Қуат Хамитов бүгін кәсіпқой карьерасындағы кезекті айқасын өткізеді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстандық Mergen FC промоушен ұйымдастыратын жекпе-жек кешінде Хамитов өзбекстандық файтер Бобур Абдулазизовпен (12-9) жұдырықтасады. MFC 4 аясындағы айқас Атырау қаласында өтеді. Турнир Астана уақытымен 20:00-де басталады. Айта кетейік, қазақстандық файтер бұл жекпе-жек кешінде ресейлік спортшы Акоп Степанянмен кездесуі тиіс еді. Алайда ол банк шотының бұғатталуына байланысты Қазақстанға ұшып келе алмады.

Серіктес жаңалықтары