Нашар көретін жандарға арналған үгіт-насихат материалдары дайындалды

Нашар көретін жандарға арналған үгіт-насихат материалдары дайындалды

Нашар көретін жандарға арналған үгіт-насихат материалдары дайындалды
ашық дереккөзі
50372
«AMANAT» партиясы елімізде алғаш рет нашар көретін жандарға арналған Брайль шрифтімен әзірленген үгіт-насихат материалдарын дайындады. Партияның Абай облыстық сайлауалды штаб мүшелері Семейде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шамшырақ» клубында болды. Абай облысының мәслихат депутаттығына бір мандатты сайлау округі бойынша кандидат Қуаныш Қасенов ерекше қажеттіліктері бар сайлаушылар партияның сайлауалды бағдарламасымен танысуы үшін Брайль шрифтімен басылған үгіт материалдарын таратты. Кездесу барысында барлық санаттағы азаматтардың мүмкіндігі тең екені айтылды. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының бір тармағы ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қамқорлыққа алуға арналған. Ол мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, жәрдемақы мөлшерін арттыруға, кедергісіз орта мен жайлы инфрақұрылым құруға бағытталған. Бұл әдіс бұрын-соңды тәжірибеде болмаған. ЕҚЫҰ халықаралық бақылаушылары партиямыздың осындай прогрессивті қадамына таңқалды. Кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын бұған дейін аудио нұсқада тыңдап жүргенін тілге тиек еткен жандар сипап сезу арқылы оқуға мүмкіндік жасалғанына ризашылықтарын білдірді. Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.  

Серіктес жаңалықтары