Петропавл қаласының әуежайында үгіт-насихат кездесуі өтті

Петропавл қаласының әуежайында үгіт-насихат кездесуі өтті

Петропавл қаласының әуежайында үгіт-насихат кездесуі өтті
ашық дереккөзі
50236
«AMANAT» партиясынан Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Ербақыт Амантайұлы, Сәуле Сүлейменова және Уәлихан Жылысбаев Петропавл қаласы әуежайының қызметкерлерімен кездесті. Ұжым өкілдері халықтың табысын арттыру мәселесіне қызығушылық танытты.
«Әр адам өзіне және бүкіл отбасын асырауға ақша таба алуы керек. Өңірлік Сайлауалды бағдарламада орташа жалақы деңгейін 339 мың теңгеге дейін арттыру жөніндегі шаралар көзделген. Сонымен қатар партия негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, ең төменгі жалақының жыл сайын өсуіне қол жеткізуге ниетті», - деді Ербақыт Амантайұлы.
Ұжымды толғандыратын екінші тақырып - қолжетімді баспана. Сұрақтарға жауап бере отырып, Сәуле Сүлейменова бүгінде өңірде пәтер алу кезегі 21 мың адамды құрайтынына тоқталды. Сондықтан алдағы 5 жылда партия тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға жәрдемдесетін болады.
«Біз 5 жыл ішінде 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салуға ұмтылатын боламыз, жеке үйлер салу үшін кемінде 1,8 мың жер учаскесін беруге жәрдемдесеміз. Аймақ тұрғындары үшін баспана алуға көбірек мүмкіндіктер пайда болады», - деп атап өтті Сәуле Сүлейменова.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары