Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуы 30%-ға дейін төмендейді

Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуы 30%-ға дейін төмендейді

Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуы 30%-ға дейін төмендейді
ашық дереккөзі
50211
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар А. Шамшадинова, Б.Боранбаев,  Д.Донских, В.Трифонов, Н.Лазарұлы, П.Сармурзина, Ш.Ильмұханбетова, Д.Тангиев  Ақтау қаласындағы бірқатар ұжыммен кездесті. Кандидаттар алдымен Ақтау қалалық №2 емханаға барды. Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып,  ондағы медицина  саласын дамытуға арналған бағытқа кеңінен тоқталды.
«AMANAT» партиясы өткен екі жылда өңірдегі медицина саласының қолжетімділігін арттыру үшін бірқатар жұмыстар атқарған болатын. Атап айтар болсақ, Мұнайлы ауданында 150 орындық орталық аудандық аурухананың құрылысы басталды. Одан бөлек, санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілді. Партия осындай  нәтижелі жұмыстарды іске асыруды тоқтатпайды. Алдағы бес жыл ішінде  10 денсаулық сақтау обьектісіне күрделі жөндеу жүргізіп, денсаулық сақтау ұйымдарына жыл сайын кемінде 20 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруды көздейді», - деп атап өтті өз сөзінде Нури Лазарұлы.
Айта кетейік, партияның медицина саласына қатысты жоспарлаған шараларының нәтижесі халықтың өмір сүру ұзақтығын 74 жастан 76 жасқа дейін ұлғайтуға, денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 30%-ға дейін төмендетуге және денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. Кандидаттар келесі кездесуді «Каспий жылу су арнасы» қызметкерлерімен жалғастырды.  width= Сөз басында үміткерлер жиынның басты мақсаты – саяси науқанның маңыздылығын түсіндіріп, қатысушылармен партия бағдарламасын талқылады.
«AMANAT» партиясы электр, жылумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу мәселелерін ерекше назарға алатын болады. Ол үшін нақты іс-шаралар да әзірленді. Жоспар жүзеге асырылса жылумен, сумен, электрмен жабдықтау желілерінің тозуы төмендейтін болады», - деп атап өтті Анар Шамшадинова.
Кездесуде мекеме қызметкерлері сайлауалды бағдарламаға қатысты өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды. Бүгінде аталған мекеме қала тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз етеді.  Ұжымда 600-ден астам қызметкер еңбек етеді. Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.  

Серіктес жаңалықтары