Үміткерлер «ҚазАзот» ұжымымен кездесті

Үміткерлер «ҚазАзот» ұжымымен кездесті

Үміткерлер «ҚазАзот» ұжымымен кездесті
ашық дереккөзі
50222

Бүгін Республикалық сайлауалды штабының мүшесі Ардан Сұлтанұлымен бірге облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тимур Әбдікәрімов, Нұрбол Оқуов, Жанболат Тангиев, Дмитрий Донских, Анар Шамшадинова және қалалық мәслихат депутаттығына бірмандатты үміткер Айда Ертілеуова «ҚазАзот» АҚ ұжымымен кездесті.

Еркін форматта өткізілген жиында партияныңсайлауалды бағдарламасы жан-жақты талқыланды. Бағдарлама аясянда халықтың өмір сүру жағдайынжақсарту,жаңа жұмыс көздерін ашу, өндірістікорындардағы қызметкерлердің қауіпсіздігін арттырумен жастардың әлеуметтік санатын қолдауғажұмыстанатындарын айтты.  width=

- "Amanat" партиясы өз сайлаушыларымен бірге ең алдымен, қазақстандық отбасыларды қорғауды қамтамасыз етуге ниетті. Ол үшін партия Денсаулық сақтау, білім беру саласында сапалы жағдайлар жасауды көздеп отыр. Қазақстанның әрбір азаматыжайлылық пен қауіпсіздікте өмір сүріп, жұмыс істегенін қалаймыз. Біз сайлауға  нақты мақсатпен және елдің болашағы үшін жауапкершілікті толық түсінумен барамыз,-деді өз сөзінде Анар Шамшадинова.

Сондай-ақ үміткерлер партияның соңғы екі жылдаатқарған жұмыстарына тоқталды. Атап айтар болсақ, партия  филиалы жанындағы  "Жер аманаты" қоғамдық кеңесі заңсыз берілген немесе пайдаланылмаған жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтарып берді. Өңірдегі туризм бағытын дамыту мақсатында бірқатар жаңа туризм нысандары іске қосылды. Екі жыл ішінде  11 мектеп, 35 балабақша, 9 спорт нысаны іске қосылғандығын атап өтті.

 width=

Кездесуге қатысушылар кандидаттарға жылы лебіздерін айтты.

Аталған өндірістік ұжымда 1300-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Мекеме елімізде азотты минералды тыңайтқыштардың 90%-ын өндіретін ірі кәсіпорынболып саналады. Айта кету керек, еліміздің индустрияландыру бағдарламасы мен отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығару бағытындағыүлесі зор мекеме.

Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары