Ұлытау облысында 9 айда 82 мың тонна ластаушы зат шығарылған

Ұлытау облысында 9 айда 82 мың тонна ластаушы зат шығарылған

Ұлытау облысында 9 айда 82 мың тонна ластаушы зат шығарылған
ашық дереккөзі
50201
Сәтбаев  қалалық емханасында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өтті. Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген  кездесуде «Байтақ» Жасылдар партиясы Ұлытау облыстық  филиалының төрағасы  Базаркүл Үмбетова  адам өмірінің арашасы болып, күн-түні денсаулық күзетінде жүрген жандарға  ризашылығын білдірді.  
«Байтақ» партиясының бағдарламасында  экологияны қалпына келтіру, ауаның сапасына мән беру, қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығын  қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері қамтылған. Өңірдегі экологиялық жағдай алдымен адам денсаулығына әсер етеді, бұл тұрғыда туындайтын өзекті мәселелерді шешуде сіздердің ой-пікір, ұсыныстарыңыз маңызды» - деп атап өтті филиал төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша алдын ала мәліметтерге сәйкес 900 мың тоннадан ластаушы заттар шығарылса, Ұлытау облысында 9 айда 82 мың тонна ластаушы заттар шығарылғандығы анықталған. Кездесуде «Байтақ» жасылдар партиясы  Ұлытау облысынан  Мәжіліс депутаттығына үміткер, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата мүшесі  Қазбек Майгелдинов өңірде сайлаушылармен бірнеше кездесулер өткізгендігін, медицина саласындағы қордаланған мәселелерді жақсы білетіндігін, ата-анасының да дәрігер екендігіне тоқтала келе, өзінің сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттармен таныстырды. Штаб жетекшісі Марғұлан Ермағанбетұлы сайлаушылар қойған сауалдарға нақты жауап беріп, алдағы уақытта  Қаражал қаласы мен Жаңаарқа ауданы тұрғындарымен де кездесулер жоспарланғандығын жеткізді.  

Серіктес жаңалықтары