ҚХП: Отандастар лайықты зейнетке шығуы тиіс

ҚХП: Отандастар лайықты зейнетке шығуы тиіс

ҚХП: Отандастар лайықты зейнетке шығуы тиіс
ашық дереккөзі
50144
1 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Нұрсұлтан Шоқанов пен Эльмира Әуезова «LCI-MK» темірбетон шығару мен көпірлерді құрастыру ЖШС ұжымымен кездесті. Мақсат – Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру.
«Біз әйелдер 58 жаста зейнетке шығу керек деген қозғалысты қолдап, митингілерге қатыстық. Нәтижесінде, әйелдердің зейнетке шығуын 61 жастан ұлғайтпау жөнінде 5 жылдық мораторий жарияланды. Біз әйелдердің құқығын парламентте қорғайтын боламыз», – деді Эльмира Әуезова.
Халық партиясы ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығаруды талап етеді. Кездесуде денсаулық саласындағы өзекті мәселелер көтерілді. Еліміздегі жұмыссыздыққа байланысты көптеген азаматтар МӘМС төлеуге қауқарсыз. Осының салдарынан көп адамдар медициналық көмекті ала алмай отыр. Сондай-ақ мемлекеттік сақтандыру көпбалалы, ерекше қамқорлықты қажет ететін баласы бар және толық емес отбасындағы аналарға аса қажет.

Серіктес жаңалықтары