308
Қазақстан еншісінде – төртінші алтын
Қазақстан еншісінде – төртінші алтын
Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Қысқы универсиадада фристайлдың могул деп аталатын түрінен алтын медаль алды. Галышева қорытынды есепте 73,80 ұпай жинап алға шықты. Күмісті ресейлік Анастасия Первушина (62,13 ұпай), қоланы Австрия спортшысы Катарина Рамзауер (52,08 ұпай) алды.
Жарыс "Шымбұлақ" спорт кешенінде өтіп жатыр.
Қазақстан бүгін осымен екінші алтынға ие болып отыр. Бүгін бұдан бұрын биатлоншы Галина Вишневская 7,5 километрлік спринт пен нысана ату бойынша үздік нәтиже көрсетіп, алтын алған.
«Медеу» мұз айдынында сап түзеген конькишілердің 1500 метрлік сайысында Екатерина Айдова жарыс жолына шығып, ресейлік мен жапондық қызды алға жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Александр Качуркина алтын алса, Нана Такахаши күміспен күптелді. Ал биатлоншылардың 15 шақырымдық сайысында алты бірдей спортшымыз жарыс жолына шықса, солардың арасынан Алина Райкова алғашқы алтынды алды. Бұл бәсекенің күміс жүлдесі де қазақстандық спортшы Галина Вишневскаяға бұйырған еді.
Қазір Қазақстанда универсиаданың төрт алтын, екі күміс және төрт қола жүлдесі бар.