«Ауыл аманаты» жобасы аясында 1 мыңнан астам ауыл халқының табысын арттырамыз. Ауыл тұрғындарының табысын, біліктілігін арттыру, кадр тапшылығын жоюға ықпал етеміз. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңкелердің ұйымдастырылуын және маусымаралық кезеңде тұрақтандыру қорларының толтырылуын қамтамасыз етеміз. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 23,8%-ға өсіп, 2027 жылы 238,5 млрд теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығында 4 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады және шаруашылықтардың машина-трактор паркі 4%-ға дейін жаңаланады. «АМАNАТ» барлығына тең мүмкіндіктер жасауды мақсат етіп отыр», - деді үміктер Жорабек Нұрымбетов.

«AMANAT» партиясы Қызылорда қаласында ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсекке арналған көпбейінді аурухана салуға, 200 төсекке арналған заманауи перинаталдық орталық салынуына, 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт құрылысын жүргізуге қаржының бөлінуіне ықпал ететін болады. Бұл жұмыстар нәтижесінде тұрғындарымыз сапалы медициналық қызмекте қол жеткізетін болады», - деді Жанат ҚожариповаПартияласының сөзін жалғай кеткен үміткер Алмас Рахметов партияның инфрақұрылымды дамытудағы, оның ішінде: тұрғын үй, таза ауыз су, жылу, энергия және жолдарды жаңғыртуға ықпал етіп, азаматтардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруіне бар күш-жігерін салатындығын тілге тиек етті.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.