Немқұрайлы ма, немқұрайды ма? – Тіл маманы жауап берді

Немқұрайлы ма, немқұрайды ма? – Тіл маманы жауап берді

Немқұрайлы ма, немқұрайды ма? – Тіл маманы жауап берді
ашық дереккөзі
52522
Немқұрайлы, немқұрайды сөздерін күнделікті тілдік қолданыста дұрыс пайдаланып жүрміз бе? Олардың ара-жігін «Дұрыс сөйлейік» бағдарламасына берген сұхбатында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан ажыратып берді.
«Әдеби тілде бекітілген норма бойынша «немқұрайды» деген форма дұрыс. Ал енді «немқұрайлы» деген форма бұл жүйеге салып айтып жүрген нұсқа. Тілде барлығы логикаға салына бермейді. Бұлай бекітілген норманы узус дейміз. «Немқұрайды» деген әдеби тілдегі форма, сондықтан осыдан ауытқымаған абзал. Жазба тілде бұны міндетті түрде сақтау керек», - деді тілші-ғалым.
Айта кетейік, бұған дейін тіл маманы «салауатты» және «саламатты» сөздерінің аражігін ажыратып бергені туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары