Футзал: Қазақстан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық сатысына шықты

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық сатысына шықты
Қазақстан құрамасы 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатына іріктеу турнирінің негізгі кезеңінде Словения құрамасымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz.
Ойынның алғашқы бөлігінде Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен жеңіске жеткен. Екінші таймда алаң иелері жауапсыз екі доп соғып, таразы басын теңестірді. Тартысқа толы Марибордағы кездесу 3:3 есебімен аяқталып, қос құрама тең тарқасты.
Осылайша Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің элиталық кезеңіне жолдама алды.