50213
Атыраулық сурдодзюдошы Азия чемпионы атанды
Атыраулық сурдодзюдошы Азия чемпионы атанды
Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Сурдодзюдодан Азия чемпионаты 5-6 наурызда өткен.
«Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында сурдодзюдодан жалауы желбіреген Азия чемпионатына қазақстандық спортшылар да қатысты. Бұл додада атыраулық сурдодзюдошы Ерсін Болатов 60 келі салмақта бақ сынады. Қарсыластарының бәрін қапы қалдырған ол Азия чемпионы атанды», - делінген баспасөз хабарламасында.Атыраулық сурдодзюдошы іріктеу кезеңінде өз тобындағы моңғол, корей спортшыларын жеңген. Ал, ақтық сында жапондық палуанды 8 секундта иппон әдісімен ұтқан. Азия чемпионы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылында тұрады. Егіздің сыңары спортпен бала күнінен айналысқан. Осы аудандағы Миялы ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram