Әлеуметтік желіде аты аңызға айналған гонконгтық актер, режиссер Джеки Чанның шапанмен түскен видеосы тарады. Онда белгілі актер «Ақ шашу» әнін қосыла шырқап, билегенін көруге болады деп хабарлады turkystan.kz.
«Qazaqstan 24/7» Telegram арнасының мәліметінше, Джеки Чан фильмді түсіру үшін Іле-Қазақ автономиялық округіне барған.
«Жергілікті қазақтар актерды қарсы алып, шапан жауып, айғырды сыйға тартты», - делінген хабарламада.