Қарымды қарекет, ілкімді тірлік Жетісу өңірін түлетеді

Қарымды қарекет, ілкімді тірлік Жетісу өңірін түлетеді

Қарымды қарекет, ілкімді тірлік Жетісу өңірін түлетеді
ашық дереккөзі
50158

«AMANAT» партиясы елімізді әрбір қазақстандық жайлы өмір сүретін қолайлы аймаққа айналдырады. Себебі, партия халық аманатын арқалап отыр. Сондықтан 2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге» атаулы сайлауалды бағдарламасында баршаға тең мүмкіндік беретін басымдықтар мен жоспарларды жүзеге асырады.

Бұл жайында Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында «Алпамыс» қоғамдық бірлестігімен кездесуде «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаты Біржан Құмаров мәлім етті.

Біржан Құмаровтың сөзінше өңірде партия ықпалымен 2027 жылға дейін 100 мың жұмыс орны ашылатынын, 3000-ға жуық әлеуметтік осал отбасылардың баспаналы болатынын, 200-ден астам елді мекеннің көгілдір отынға қол жеткізінін сөз етті.

- Партиямыз алдағы бес жылдықта 322,9 шақырым су беру желілерін, 57,1 шақырым жылу желілерін және 684,4 шақырым электр желілерін қайта жаңғыртуға күш салады. Бұл өз кезегінде тозығы жеткен инфрақұрылымдарды біршама қалыпқа келтіріп, тұрғындардың сапалы ауыз су мен үздіксіз электр жарығын пайдалануға мүмкіндік алады, - деді Біржан Құмаров.

Кандидаттың сөзінше «AMANAT» партиясы ықпалымен Жетісу өрісті, келісті өңірге айналады. Бастысы әрбір жетісулық қолайлы өмір сүретін аймақ болмақ. Ауыл шаруашылығымен қатар, кәсіпкерлік, денсаулық, білім салаларында өрелі тірліктер жүзеге асады.

- «AMANAT» партиясы Жетісу өңірінің әлеуетін көтеруге бар күш-жігерін жұмсайды. Осы ретте партиямыз өңірдегі қант қызылшасы алқабын 2027 жылға қарай 12 мың гектарға жеткізуді көздеп отыр. Мұнан өзге өңірдегі 200-ден астам елді мекен көгілдір отынға қол жеткізбек. 100-ге жуық медицина нысаны салынады. Жыл сайын 58 мектеп қайта жаңғыртудан өтеді. Шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылданатындардың саны 71 мыңға жетеді. Тізбектей берсек, партиямыз тындырымды тірлік атқармақ. Бұл халықтың аманаты. Ал аманатқа қиянат болмайды, - деді Біржан Құмаров.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары