«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Шымкенттегі сайлаушылармен кездесті

/
«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Шымкенттегі сайлаушылармен кездесті
ашық дереккөзі
«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Шымкенттегі сайлаушылармен кездесті «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесулері жалғасуда. Бүгін партиялықтар Шымкент қаласына келді. Штаб мүшелері қаладағы бизнес-қауымдастық өкілдерімен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін талқылады. «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партия ШОБ үшін елде бизнес жүргізу бойынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етуді жалғастыратынын атап өтті.  width=
«Біз жеке бастамалар мен нарықтық экономиканың күшіне сенеміз. Бүгінде технологиялық кәсіпкерлікті дамыту арқылы экономикадағы жоғары еңбекақы төленетін жұмыс орындарының үлесін арттыру қажет. Заңнама деңгейінде адал бәсекелестікті дамытуға қол жеткізу маңызды», - деді Ерлан Қошанов.
Штаб мүшелері «Асар» шағын ауданының тұрғындарымен инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үйге қолжетімділікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Шымкенттіктер жолды, ауладағы алаңдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтерді.  width= Бұдан соң аманаттықтар қаладағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, аға буын өкілдеріне зейнет жасындағы адамдардың өмір сапасын жақсарту жөніндегі партияның бастамалары туралы айтты. Осы күні «Айна» базарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастармен экспромт-кездесу өтті. Штаб мүшелері сайлауалды бағдарламаның өңірде тұрақты жұмыс орындарын ашуға қатысты бөлімін түсіндірді.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары