Түркістан облысында оқушы суға батқан бүлдіршінді құтқарып қалды (ВИДЕО)

Түркістан облысында оқушы суға батқан бүлдіршінді құтқарып қалды (ВИДЕО)

Түркістан облысында оқушы суға батқан бүлдіршінді құтқарып қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50371
Түркістан облысында үш жасар бүлдіршін байқаусызда арыққа құлап, тұншығып қалған. Бұл жағдай Мақтаарал ауданының Абай ауылында болған деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. Ернұр есімді бүлдіршін үйден шығып, байқаусызда суға батып кеткен. Оны атпен шауып бара жатқан жасөспірім көріп қалып, шалшық судан алып шыққан. Сегізінші сынып оқушысы Нұрполат Нұргелді үлкендерді көмекке шақырған. Абырой болғанда, үш жастағы бүлдіршін аман қалды. Ауыл тұрғындары есінен танып қалған баланың аяғы мен қолын қимылдатып, жасанды дем беріп, алғашқы көмек көрсетті. Артынша жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Аудан орталығынан келген дәрігерлер баланың денсаулығын тексеріп, жағдайы бірқалыпты, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген қорытынды жасаған.

Серіктес жаңалықтары