«AMANAT» партиясы ШОБ-тың экономикадағы үлесін 42 пайызға жеткізеді

«AMANAT» партиясы ШОБ-тың экономикадағы үлесін 42 пайызға жеткізеді

«AMANAT» партиясы ШОБ-тың экономикадағы үлесін 42 пайызға жеткізеді
ашық дереккөзі
50227
Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттары Арыстанғали Арын, Рима Салықова, Қуаныш Құдайбергенов Панфилов ауданының «Алтынкөл» станциясы қызметкерлерімен кездесті.  Жиында кандидаттар партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасындағы ел әлеуетін көтерер нақты жоспарлардың жайын таразылады.
 – «AMANAT» жай партия емес, халықтың үніне құлақ түріп, елдің бүгіні мен болашағына нақ жоспары мен қарымды қарекеті бар партия. Біздің мақсат – халықтың жайлы өмір, қолайлы тұрмыс кешуін қамтамасыз ету. Партиямыз толық трансформациядан өтті. Уақыт пен қоғам талабын ескеріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отырмыз. Біз үнемі халықпен біргеміз. Бағдарламамыз да сол себептен «Халықпен бірге» аталып отыр. Ел болашағы жаңа буын қазақстандықтардың арман-мақсаттарының жүзеге асып, еліміздің дамуы үшін 19 наурыз күні әрқайсымыз өз мойнымызға жауапкершілікті алып, сайлауға қатысуға шақырамын, - деді Арыстанғали Арын.
Мұнан кейін сөз алған Қуаныш Құдайбергенов ауылдың, агроөндірістің дамуы бағытында партияның келісті жоспарын таныстырды.
 - Партияның міндеті – елді өркендету. Ал Қазақстанды өрісті, қуатты елге айналдыру үшін ауылды және ауыл шаруашылығын әлеуеттендіру қажет. Міне, осы бағытта партиямыз 2027 жылға дейін 600 дана ауылшаруашылық техникасын лизингке алуға, өңірдің басты бренді қант қызылшасы егілетін алқапты 12 мың гектарға ұлғайтуға, жаңадан 900 мың гектар жайылымдық жер енгізуге мұрындық болмақ. Сонымен қатар, ауылдардың әлеуетін көтеру үшін біз шағын және орта бизнеске ден қойып отырмыз. Алдағы бес жылда атаулы салада жұмыспен қамтылғандар санын 130 мыңға жеткізуге атсалысамыз. ШОБ-ты қолдау арқылы облыс экономикасындағы осы саланың үлесін 42 пайызға жеткіземіз, - деді Қуаныш Құдайбергенов.
Алтынкөлдіктер «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламада көрсеткен бастамаларының толық жүзеге асуына тілеулестік танытып, алдағы сайлауда белсенділік танытарын жеткізді.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары