Аң аулауға кеткен ер адамның денесі 10 күннен кейін табылды

/
Аң аулауға кеткен ер адамның денесі 10 күннен кейін табылды
ашық дереккөзі
Аң аулауға кеткен ер адамның денесі 10 күннен кейін табылды Түркістан облысының полицейлері аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, арыз 24 ақпанда Бәйдібек ауданының ПБ-не түскен.
«Жалпы іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды. Тұрғынды ертерек табу мақсатында тіпті дрон пайдаланылды. 10 күннен соң жоғалған адамның денесі су бетінен табылып, жағаға шығарылды», - делінген хабарламада.
Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 001-бабы «Адамның қайтыс болуы» бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары