«Мен спортшымын, әлем чемпионымын. Мен қазақпын. Қазақ болғаннан кейін салт-дәстүрімді, тілімді, елімді үлкен ареналарда, әлемдік деңгейде танытқым келеді. Қазақ екенімді көрсеткім келеді. Әр ұлттық ерекшелігі бар. Қазақтың да діні мен тілі бар. Қазақ тілінде сөйлеп, салт-дәстүрімізді ұстануға ұялмауымыз керек. Алаш қайраткерлері, қаншама батырларымыз еліміз, жеріміз, тіліміз үшін өздерін құрбан етті. Солардың құрметі үшін тілімді дәріптеу – басты мақсатым», - деді қазақстандық кәсіпқой боксшы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram